Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде еркін күрес шеберлері Париж жолдамасын сарапқа салуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
74 келі салмақта белдесетін Нұрғожа Қайпанов іріктеу айналымында филиппиндік Фьер Афанды оңай ұтты. Қайпанов белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Сондай-ақ, 125 келідегі Юсуф Батырмұрзаев пәкістандық Заман Анварды сенімді түрде жеңді.
Айта кетелік, 57 келідегі Ерасыл Мұхтарұлы алғашқы айналымда-ақ қарсыласқа есе жіберді.